enrukk

Балпық Би ауылындағы жеке үйге жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

Investor
Любовь Остроушко, зейнеткер
Location
Балпық Би, Қазақстан
Investment
Жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы
Energy savings
Жылына 1,79 МВт
CO2 savings
0,336 жылына тонна
Impact
Жайлылықты ұлғайту және шығарындыларды азайту СO2
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жылытудың жаңа энергия тиімді жүйесі энергия шығындарын қысқартуға және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Любовь Остроушко – Алматы облысындағы Балпық Би ауылындағы зейнеткер. Ол жалғыз өзі тұрады және соңғы кездері қысқы уақытта үйін жылыту үшін көмір сатып алу қиынға соғатын болып жүр. Сондықтан ол үйіне газбен жылыту жүйесін орнатуға газ қазандығын алу үшін қаржы алу мақсатында Микроқаржы ұйымы «KMF» МҚҰ хабарласады. Любовь Валентиновна осыған дейін «KMF» МҚҰ микрокредиттерін пайдаланған, оны қолайлы, тез әрі жылдам алу мүмкіндігіне дән риза.

Осы жолы қазандықты сатып алу үшін «KMF» МҚҰ сарапшысы энергиялық тиімді және сенімді қазандықпен қоса  10% мөлшерінде өтемақы (кешбэк) алу үшін ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы кажыландыру бағдарламасын, ол экологиялық және энергия тиімді жабдықтарды сатып алуға ғана емес, сондай-ақ 10% көлемінде өтемақы (кэшбэк) алуға мүмкіндік береді ұсынды. Любовь Жасыл Технологиялар Cелекторының сайтында кореялық өндірушілердің жоғары өнімді қазандығын таңдады. Бұл үлгі тек үнемді ғана емес, сонымен қатар СО2 бөліністерін азайтуға мүмкіндік береді. Алынған қарызға әйел адам құрал жабдық алып, құрастыру қызметтерінің ақысын төледі. Қазандықты орнатқаннан кейін зейнеткер тексеріске құжаттарды тапсырып, өтемақысын да алды. Любовьтің айтуынша, ол көмірмен жағылатын ескі пешін жаңа газбен жылытатын пешке ауыстырып, қолайлы жағдай жасағысы келгендіктен, сатып алған пешіне дән риза.

Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ)  және Австрияның Федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.