enrukk

Mәулембай ауылындағы ауыл мектебі мұғалімдерінің жеке үйге жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы

Investor
Ауыл мектебінің мұғалімі
Location
Мәулембай, Қазақстан
Investment
Жаңа энергиялық тиімді газ қазандығы
Energy savings
Жылына 2,42 МВт
CO2 savings
Жылына 0,454 тонна
Impact
Электр энергиясының жайлылығын ұлғайту және шығындарын қысқарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергия тиімді газ қазандығын орнату үйдегі жайлылықты айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді

Алматы облысы Көксу ауданы Мәулембай ауылындағы ауыл мектебінің оқытушысы өз жанұясымен жеке үйде 7 жылдан астам уақыттан бері тұрып жатыр. Ауылға газ келмеген және осы уақыт ішінде үйді көмірдің көмегімен жылытып келген. Көмір жанған кезде пештен газ бен түтін шыққандықтан, үйде тыныс алу қиындап кететін. Кішкентай балалар үнемі жөтеліп жүреді. Осы жылы ауыл газдандырылған, осыған орай оқытушы үйді және суды жылыту үшін өз үйіне заманауи газ қазандығын орнатуды шешеді. Ол бірнеше жылдан бері «KMF» Микроқаржылық ұйымының тұрақты клиенті болғандықтан, бірден сонда жүгінеді. Кредиттік  сарапшы Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан газ қазандығының қолайлы үлгісін таңдауды ұсынды. Сайтта тіркелген кез келген құрал-жабдықты сатып алған кезде сатып алушы ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының қатысушысына айналады және негізгі құралдың құны мен жеткізу мен қосуды қоса алғанда, ілеспе шығындардың (кэшбек) 10% мөлшерінде өтемақы  ала алады. Оқытушы «КМФ» МҚҰ ұсынған кредиттік қаражат есебінен корей өндірушісінің энергиялық тиімді газ қазандығының ұнаған үлгісін таңдап, сатып алды.

«Өтемақыны алу үшін құжаттарды әзірлеуге тек бірнеше күн ғана қажет болды. Бұл тіптен қиын емес екен. Сұранысты беріп, құжаттарды тексергеннен кейін бір аптаның ішінде маған газ қазандығы сомасы мен оны қосуға кететін қосымша шығындардың 10% мөлшерінде өтемақыны төлеуді мақұлдады. Ақшаны мен бір айға жетпей өзімнің есептік шотымнан алдым. Енді жазға GEFF бағдарламасы бойынша жаңа ауа салқындатқышын алғым келеді»

Жоба Жаһанды Экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.