enrukk

Жаңақорған ауылындағы ветеринарлық емханаға арналған жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Жаңақорған, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді тоңазытқыш
Energy savings
Жылына 0,150 МВт
CO2 savings
Жылына 0,056 тонна
Impact
Электр энергиясына, жоғары сапаға және ұзақ мерзімге жұмсалатын шығындарды қысқарту
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жаңа энергиялық тиімді техника кәсіпкерге бизнесін дамытып, қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жаңақорған ауылындағы кәсіпкердің бірнеше жылдан бері өзі ветеринар болып жұмыс істейтін ветеринарлық емханасы бар. Ауыл тұрғындары күн сайын жануарларын вакцинаға және емге алып келеді. Көптеген дәрілік құралдар тоңазытқышта арнайы сақтауды қамтамасыз етуді талап етеді, ал ескі тоңазытқыш жиі бұзылатын. Кәсіпкер өз клиентінен ЕДҚҚБ-ның GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы естіп, жаңа энергиялық тиімді тоңазытқыш алу туралы шешім қабылдайды. Ол «КМФ» Микроқаржылық ұйымына жүгінеді. Кредиттік сарапшы оған Жасыл Технологиялар Селекторы сайтынан ыңғайлы үлгісін таңдауға көмектесті. Ол сонымен қатар энергиялық тиімді құралды сатып алуға кредит сомасының немесе инвестиция сомасының 10% мөлшеріндегі өтемақы тек 2022 жылдың 30 қарашасына дейін ғана төленетіндігін айтты. Сондықтан кәсіпкер белгілі түрік өндірушісінің жаңа энергиялық тиімді тоңазытқышын алуға кредитті тез рәсімдеп, құжаттарды тексеруге жолдады.

«GEFF бағдарламасының және «КМФ» МҚҰ кредитінің көмегімен мен өзім армандағандай сапалы тоңазытқыш алдым. Жаңа тоңазытқыш маған қатты ұнайды! Ол шусыз жұмыс істейді, электр қуатын азырақ жұмсайды, қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, сондай-ақ ұзағырақ қызмет етеді. Бағдарлама өте жақсы, бәріне кеңес беремін!»,-дейді кәсіпкер.