enrukk

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген кәсіпкер үшін жаңа топырақ қопсытқыш

Investor
Жеке кәсіпкер
Location
Оңтүстік Қазақстан облысы
Investment
Жаңа топырақ қопсытқышы
Impact
Топырақты өңдеу процесін жеделдету
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi

Жаңа қопсытқыш топырақты өңдеу процесін жеделдетіп, жоғары өнім алуға көмектеседі

Оңтүстік-Қазақстан облысының кәсіпкері бірнеше жылдан бері бидай өсірумен айналысады. Ол жыл сайын, егіс маусымы басталғанға дейін, жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін егістік алқаптарын өңдейді. Биылғы жылы өңдеу процесін жеделдету үшін қосымша топырақ қопсытқышын сатып алу қажеттілігі туындады, өйткені егіс алқабы бірнеше ондаған гектарды алып жатыр. Кәсіпкер ЕҚДБ-ның (GEFF) жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының кеңесшісіне жүгінді, ол жақсартылған сипаттамалары бар заманауи топырақ қопсытқышын сатып алуға кеңес берді және қаржылық шешімді ұсынды. GEFF бағдарламасының шарттарына сәйкес тиісті жабдық Жасыл Технология Селекторы сайтынан таңдалуы және Бағдарламаның қаржылық серіктестерінің кредиттік қаражатына кез-келген жеткізушіден сатып алынуы қажет.

«Кредиттік қаражатқа мен топырақтың ауа-жылу режимін жақсартуға, биологиялық процестерді белсендіруге және топырақтың асыртын ылғалдануын болдырмауға мүмкіндік беретін жаңа топырақ қопсытқышын сатып алдым. Мен биыл жоғары өнім аламын деп үміттенемін!»,- деп кәсіпкер өз пікірін білдірді.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Ауылшаруашылық техникасын бағдарламаның қаржылық серіктестерінен лизингке алуға болады.