enrukk

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек дәлізіндегі жел электр станциясы

Investor
«Нұрлы ЖЭС» ЖШС
Location
Алматы, Қазақстан
Investment
Жаңа энергия тиімді жел турбиналары
Energy savings
Жылына 43 225 МВт
CO2 savings
Жылына 14 297 тонна
Impact
Қоршаған ортаға құрметпен жел электр станциясын салу
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Жел электр станциясының құрылысы атмосфераға СО2 шығарындыларын азайтуға көмектесті, жылына 14 297 тоннаға азаяды

«Нұрлы ЖЭС» ЖШС 2016 жылы жалпы қуаттылығы 8,45 мегаватт болатын жел электр станциясын салу және пайдалану беру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылды. Электр станциясы 13 жел турбинасын пайдаланады. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 8,7 млн АҚШ долларын құрады, оның 4,7-сін «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырды.

«Нұрлы ЖЭС»  ЖШС компаниясының басшылығы «Банк ЦентрКредит» АҚ-дағы өз кредиттік менеджерінен ЕДҚҚБ-ның  GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы біледі. Кредиттік менеджер компанияны осы бағдарламаны пайдалануға үгіттейді. Жобаны іске асыру нәтижесінде атмосфераға CO2 шығарындылары жылына 14 297 тоннаға қысқарады.

«Біз Қазақстанда тек бір жел электр станциясын салмадық, ЦентрКредит банкінің Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша қаражаты бізге өз инвестициялық жоспарларымызды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берді», – деп бөліседі «Нұрлы ЖЭС» ЖШС директоры Е.К.Шелков.

Жоба Жаһанды Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.