enrukk

Энергия үнемдейтін жабдықтарға инвестициялар тез өтеледі және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді

Investor
Абдразаков Н., жеке кәсіпкер
Location
Шиелі ауылыны, Қазақстан
Investment
Жоғары өнімді эксковатор-тиегіш
Investment size
US$ 34,885
Energy savings
Жылына 347,1 МВт
CO2 savings
жылына 27 тонна
Impact
Энергия тұтыну мен шығындарды төмендету
Donor
GEF, Австрия Республикасының Федералдық Министрлiгi, EC

Қызылорда облысының кәсіпкері өз фермасына жоғары өнімді эксковатор-тиегіш сатып алды

Қызылорда облысы Шиелі ауылының тұрғыны Нұрлан Абдразаков 15 жылдан астам уақыт бойына мал бағумен және ет сатумен айналысады. Жуық арада ол шаруашылықта жүк тиеу, мал қораны жайластыру және шаруашылық құрылымдарын салу үшін қолдануға жүк тиегішті алуды шешеді. Бұл үшін кәсіпкер  «KMF» Микроқаржылық ұйымға (МҚҰ) қарызға қаржы алу үшін жүгінеді.

Нұрланның айтуынша, жүк тиегіш үлгісін нақтылағаннан кейін кредиттік сарапшы ЕДҚҚБ GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша пайдалы сатып алу мүмкіндігімен таныстырды. Сонымен қатар ол бұл үлгі Жасыл Технологиялар Селекторы сайтында тіркелгендіктен, арнайы техниканың құнының 10% мөлшерінде өтемақы (кэшбек) алу мүмкіндігі туралы да айтып берді.

Нәтижесінде кәсіпкер «КМФ» МҚҰ ұсынатын кредиттік қаражат есебінен белгілі американдық құрылыс және тау-кен техникасын өндірушінің авто жүк тиегішін сатып алды. Сонымен қатар оның құнының 10% мөлшерінде өтемақы алды. 1.5 млн теңгеге (баламасы US$ 34,885) сатып алынған жаңа жүк тиегіш энергияны тұтынудың жылына 347.1 МВтч дейін, CO2 бөліністерінің жылына 27 тоннаға дейін қысқаруына мүмкіндік береді.

«Бағдарлама тиімді әрі ыңғайлы GEFF, ал өтемақы алу үшін барлық құжаттарды жинау көп уақытты алмады», – деді Нұрлан.

Жоба Жаһанды Экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.